Ақтөбеде жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 11:29
- 44
«Жол апаты «Дина» гипермаркетінің маңында болған. Toyota автокөлігі мен жедел медициналық жәрдем машинасы соқтығысқан. Қатты соққыдан медициналық көлік аударылып кетті», - деп жазды «Диапазон» басылымы.
Анықталғандай, апат кезінде бригада ауруханаға жүктілігінің 39-аптасындағы әйелді алып бара жатқан.
«Пациент жабық бас-сүйек ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ол шұғыл түрде Ақтөбе көпбейінді облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір әйел қосымша тексеруден өтіп жатыр, дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр», — деп жазылған хабарламада.
Ал медициналық бригаданың жағдайына келетін болсақ, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, фельдшерлер ауыр жарақат алмаған.
«Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, оларға динамикалық бақылау жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды басылым.




