Қарағанды облысында әйелінің қазасына күйзелген ер адам өзімен бірге басқаларды де өлтірмекші болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 наурыз, 2026
- 402
Қарағанды облысындағы ер адам қасақана газ баллонын жарып, сегіз адамды жаралады. Оқыс оқиға Шахтинск қаласында болған. Әйелінің қазасына күйзелген 40 жастағы еркек өзін тұрғындармен бірге жарып, жаппай адам өлтіруге оқталған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
«Бәріңді өлтірем» деп айқайлап жатты. Сабырға шақырған полицейлерді тыңдаған да жоқ. Сосын полиция қызметкерлері көршілерді қауіпсіз жаққа шығарып жатқан кезде, ол сіріңкені тұтатты да, жарылыс болды. Істеуін істеп алған соң ғана есін жиды ма, терезені қолмен сындырып, көрші подъезге өтіп кетті. Егер тоқтатып үлгермесе, ол жақта да бірдеңені бүлдіретіні анық еді, - дейді Ирина Шевченко.
Ақпан айында әйелі ауырып көз жұмған соң қатты күйзеліске түскен азамат екі бөлмелі пәтерде қызымен бірге тұрып жатқан. Кеше түнде тұрғындар ұйқыға кетерде подъезд ішін газ иісі басқанын байқап, құтқарушылар мен полицейлерді шақырады. Сөйтсе, төртінші қабаттағы тұрғын газды қосып, «бәріңді өлтірем» деп айқайлайды. Полицейлер тұрғындарды эвакуациялап үлгерген. Айтқанынан қайтпаған 40 жастағы дәнекерлеуші сіріңкені әдейі жағып жіберген. Жарылыстан өзі жарақат алса да, балкон арқылы көрші подъезге өтіп, ол жақта да газ балонын жармақшы болған кезде ұсталды.
Қазір аталмыш жәйтке қатысты бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалды. Ал жарылыс жасаған азамат, тағы екі тұрғын және эвакуациялау кезінде жарақат алған бес полицейді күйік шалып, олар ауруханада жатыр.
«Сегіз адам ауруханада жатыр. Бір науқас жансақтау бөлімшесінде. Қалғандарының жағдайы тұрақты, емделіп жатыр», - деді Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматология орталығының басшысы Берік Төлеубаев.
Ұқсас жаңалықтар
Үндістанда қазақстандық бапкер велоспортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026




