Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жол апатынан үш адам қаза тапты: бірқатар полиция басшысы жұмыстан кетті

Алматыда жол апатынан үш адам қаза тапты: бірқатар полиция басшысы жұмыстан кетті
Сурет: t.me/ Kozachkov offside
Үш адамның өмірін жалмаған жол апатына оқиғасы бойынша бірнеше бағытта қылмыстық іс қозғалды.

Алматыдағы үш адамның өмірін қиған жол апатына байланысты бірқатар полиция басшылары қызметінен кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ведомство басшысы Ержан Саденовтің тапсырмасымен ерекше бақылауға алынған.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев күдікті ретінде танылған Zeekr көлігінің жүргізушісі сот санкциясымен қамауға алынғанын мәлімдейді. Сараптама оның апат кезінде жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсеткен.

Сонымен қатар мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін деген күдік бойынша жеке қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушіге қатысты әрекетсіздік танытты деген күдікпен полиция департаменті басшылығының бір өкілі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қызметтік тексерудің объективті өтуі үшін Алматыға ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік департаменті, әкімшілік полиция комитеті және кадр қызметінің басшылары жіберілген.

Министр бұйрығымен Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция мен қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының жетекшілері қызметінен босатылды.

Ведомство жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырып, заң бұзған кез келген адам жауапқа тартылатынын ескертті.

Еске салайық, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні сағат 03:30 шамасында Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында болған. Zeekr 009 көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes-Benz-пен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар