Қоғам
1 маусым ресми демалыс бола ма: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:47
- 38
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда тағы бір демалыс күніне қатысты пікір білдірді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 1 маусымға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сенатта журналистер еңбек министрінен “1 маусым демалыс күні бола ма” деп сұрады.
“Биыл бұл мәселені көтеру жоспарда жоқ. Ол бірнеше министрліктермен бірлескен позиция қалыптасқаннан кейін, мүмкін, келесі жылы қарастырылады. Қазір бұл мәселе күн тәртібінен алынып тасталған”, – деді министр.
Алайда алдағы уақытта талқыланатынын атап өтті.
“Бұл күн демалыс күні ретінде белгілене ме, дәл айту қиын, бірақ ол талқыланатын болады”, – деп атап өтті Асқарбек Ертаев.
Министр қосымша демалыс күндері жұмыс берушілерге қосымша жүктеме тудыратынын айтты.




