Қоғам
Халықаралық іздеуде болған екі шетел азаматы Алматыда ұсталды
- автор kyn.kz
- 27 наурыз, 2026
- 280
Алматыда төрт күн ішінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзудың 1040-тан астам дерегін анықтап, 132 шетел азаматын елден шығарып, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі адамды ұстады, деп хабарлайды Kyn.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұзушылықтардың басым бөлігі елде заңсыз болумен байланысты.
«Негізгі үлесті елде болу ережелерін бұзу фактілері құрады – 811 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 198 қабылдаушы тарап шетел азаматтарының елде заңды болуын қамтамасыз етпегені үшін жауапқа тартылды, тағы 31 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке алынды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, полиция заңсыз көші-қонды ұйымдастыру схемасын әшкерелеп, осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Бұдан бөлек, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




