Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Марқұм әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті

Марқұм әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті
Сурет: әлеуметтік желіден
Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы хабар-ошарсыз кеткен.

Белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы желідегі парақшасында жариялады.

«Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Дауысы ерекше, көрікті , таланты, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты. Менің қырағы оқырмандарым, әншінің жалғыз ұлын бірге іздейік. Мына ақпаратты бөлісіңіздер , көпшілікке таратып, суреттегі азаматты көрсеңіздер хабарласыңыздар деп жұдырықтай жұмылып іздейікші», - деп жазды ол.

Айта кетсек, әнші Гүлнар Сиқымбаева екі жыл бұрын 63 жасында дүниеден озған болатын.

Гүлнар Сиқымбаева Түркістан облысы Төлеби ауданы Майбұлақ ауылында туып-өскен. 1985 жылы Гүлнар Сиқымбаева «Гүлдерге» қабылданып, өнер көрсеткен. Қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде ән шырқаған. Қырғызстан және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар