Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Далада түнеп, шалшық су ішіп күнелткен": Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы табылды

"Далада түнеп, шалшық су ішіп күнелткен": Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы табылды
Сурет: видеодан скриншот
Із-түссіз жоғалып кеткен оқушы аман-есен табылды.

Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім аман-есен табылды. Ол кешке Қарабас ауылынан шығып, Абай қаласына бет алған кезде адасып кеткен. Оқушы далада түнеп, шалшық су ішіп күнелткен. Оны тұрғындардан бастап, еріктілер мен құтқару қызметі жабылып іздеп, таңсәріде тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

13 жасар Бейбарыс сабақтан соң достарымен ойнауға шығып, Қарабас ауылына барады. Кешкілік анасы хабарласқан соң, жасөспірімдер Абай қаласына қайтпақ болған. Неге екені белгісіз, ол автобуспен емес, жаяу қайтамын деп шешкен. Күн ұясына батқан кезде анасына адасып кеткені туралы хабарлама жазып, үсіп-тоңып, шөлдегенін айтқан.

Бұл хабарламаны тыңдаған анасының үрейі ұшып, жан-жақтан көмек сұрайды. Түні бойы жасөспірімді іздеуге еріктілер де, тәртіп сақшылары мен құтқарушылар Абай мен Қарабас ауылының екі ортасын аралайды. Осылайша оны Абай қаласынан 15 шақырым жердегі далада мотоциклмен кетіп бара жатқан Дубовка ауылының тұрғыны көріп қалады. Тәртіп сақшыларына сол хабар беріпті. 

“Қорыққан, ұйықтап тұрып, тоңған ғой. Футболкасын жамылып жатқан. Су ішпегеннен ерні кеуіп қалған. Баламның табылғанына ризамын. Аман-есен, тірі, денсаулығы жақсы”, – деді анасы Айжан Нақышева.

Тәртіп сақшылары баланы көзден таса қылмай, жасөспірімдерді үнемі бақылап отыру керек екенін ескертті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар