Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атыраулық сарбаз Инстаграмда әскердегі өмірі жайлы блог жүргізеді

Атыраулық сарбаз Инстаграмда әскердегі өмірі жайлы блог жүргізеді
Бекмұрат Нұрсеріктің жеке архиві
Блогер сарбаз өзі қатарластар арасында құралайды көзге атқан су мерген.

Атыраудағы 41433 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз Бекмұрат Нұрсерік Асланбекұлы ондағы өмірі, күн тәртібі жөнінде блог жүргізеді. Жас жігіт ер азамат ретінде  борышымды өтеймін деп өзі сұранып барыпты. Қарапайым отбасынан шыққан батыл азамат әскерде еңбекқорлығы, ынтасы,жаңашылдыққа құмарлығының арқасында сыйлы сарбаз. Әскердегі өмірімен желіде бөлісетін сарбазбен KYN.KZ тілшісі сұхбаттасқан еді.

«Мен Атырау гарнизоны 41433 әскери бөлімінде отан алдындағы борышымды өтеп жатырмын. Әскерге өз еркіммен, қалауыммен сұранып келдім. Бұл әр ер азаматтың отан алдындағы борышы, міндеті деп білемін. Борышымды өтеп болғаннан кейін оқуға түсіп, полиция қызметкері болуды жоспарлап отырмын. Ақтөбе қаласының тумасымын.

Анам заң Институтында еңбек етеді. Әкем қарапайым жұмысшы. Отбасыда 3 ұлмыз. Үйдің үлкені боламын. Әскерге келмес бұрын түрлі жағымсыз ақпараттарды мен де көрдім, естідім. Мен келген кезде әскерде бірін-бірі ұру, үлкендер күш көрсету болатын шығар деп ойладым. Әскерге келгенде бәрі басқаша болды. Мен тәртіпке үйрендім десем болады.

Мысалы, таңғы 06:00-де тұрудан бастап күн тәртібінің әр сағатын тиімді пайдалануға арнаймын. Сабақ, жаттығулар, тынығатын уақыттың өзі минутпен бекітілген. Барлау полкінде болғандықтан  физикалық тұрғыдан мықты болу міндет. Түнгі 22:00-де ұйқыға жатамыз. Әрине жеке уақытымыз бар. Ол кезде жуынып-шайынып, жеке заттарымызды реттеп, жаға тігу сынды дүниелермен айналысамыз. «Әскерге барсам қалай болады екен?» деп ойланып жүрген ер азаматтарға Отан алдындағы борыш әр ер адамның міндеті екенін айтқым келеді. Мысалы, әлемде қазір күш, қару қолданып жатқан елдер арасында қақтығыс бар. Біз өз елімізді, жерімізді қорғауымыз керек. Әр азамат әскери техниканы меңгеруі керек, соғыс жағдайында берілетін қаруларды басқара білу міндет»,-дейді Бекмұрат Нұрсерік.

 Құрлық әскерінің барлау  полкінде қызмет етіп жатқан сарбаз нағыз қаруларды қолға алып оларды еркін пайдалана алады екен. 6 айдың ішінде өзі қатарластардың арасынан суырылып шығып, үздік мерген атаныпты.

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар