Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 216 км/сағ жылдамдықпен жүріп, жол ережесін бұзған жас миллионер қамауға алынды

Астанада 216 км/сағ жылдамдықпен жүріп, жол ережесін бұзған жас миллионер қамауға алынды
Сурет: Астана ПД
27 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі ұзақ уақыт бойы жол қозғалысы ережелерін өрескел әрі жүйелі түрде бұзып келген.

Астанада жол ережесін өрескел бұзған ер адам ұсталып, қамауға алынды. Осы уақытқа дейін ол 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

27 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі ұзақ уақыт бойы жол қозғалысы ережелерін өрескел әрі жүйелі түрде бұзып келген. Жыл басынан бері ол 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның 59-ы – жылдамдықты асыру бойынша.

Ең қауіптісі Әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінен 133 км/сағ жылдамдықпен тыйым салынған бағдаршамның қызыл сигналына өтіп кету фактісі бар. Мұндай әрекеттер азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жүргізуші ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Заң талаптарын әдейі әрі жүйелі түрде елемейтін тұлғалар, бұрын айыппұлдарды төлеген-төлемегеніне және табыс деңгейіне қарамастан, заңнамада көзделген неғұрлым қатаң жауапкершілік шараларына тартылатын болады», – делінген ПД хабарламасында.

Астана қаласының полиция департаменті кез келген өрескел және қайталанатын құқық бұзушылықтар қатаң әрі принципті түрде тоқтатылатын ескертеді.

Kozachkov offside Telegram арнасының жазуынша, жол ережесін өрескел бұзған адам танымал мобильді ойын жасаушысы және долларлық миллионер Роман Линейцев екенін жазады. Оның 9 көлігі бар екені және белгілі IT бизнесмен, “Grand Mobile” атты танымал ойынды жасағаны, 2025 жылы сәуірде 2024 жылы компаниясының 18 миллион доллар табыс тапқаны айтылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар