Қоғам
Жамбыл облысында қорадан екі оқушының өлі денесі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:28
- 44
9-сынып оқушылары қорада асылып қалған.
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды. 9-сынып оқушыларының денесі қорада асылып тұрған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай Қордай ауданының Қаракемер ауылында болды. Жасөспірімдер өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деген ақпарат бар. Қайтыс болғандар бір үйдің баласы емес. Туыстық байланысы да жоқ. Мән-жайды анықтау үшін Жамбыл облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.
«Қордай ауданында болған өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр» , - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.


