Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда әскерге барғандар жылына 5 кітап оқуға міндеттелді

Қазақстанда әскерге барғандар жылына 5 кітап оқуға міндеттелді
Сурет: Қарулы күштері
Әскери бөлімдер мен мекемелерде 322 кітапхана жұмыс істейді.

Қазақстанда енді әскерге барған сарбаз жылына кемінде 5 кітап оқуға міндеттелді. Қазақстанның Қарулы Күштері әскердегі жігіттерге қатысты жаңа талап енгізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қарулы күштері  23 сәуір - кітап оқу күнінің қарсаңында осындай шешім қабылдаған.

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жазылған. Айта кетейік, 23 сәуір күні сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде тойланады. Ал, Қазақстанда бұл күн президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еніп, алғаш рет 2025 жылы оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық дата ретінде аталған еді.

«Қазақстан Қарулы Күштерінде оқу мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйелі өтеді. Бүгінде әскери бөлімдер мен мекемелерде 322 кітапхана жұмыс істейді. Олардың қорында 52 434 дана көркем әдебиет және 198 293 оқу басылымы бар», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің сайты.

Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-ғылыми кітапханасының меңгерушісі Оксана Әлжанованың айтуынша, бұл орталықтың кітапханасы 2020 жылдың желтоқсан айында ашылған. Кітапхана қорында 7000-нан астам кітап бар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар