Қоғам
"Шындық ерте ме, кеш пе ортаға шығады": Дикий Арман кінәсіз екенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:59
- 54
"Дикий Арман" мемлекет пен халыққа қарсы шықпағанын айтты.
Қаңтар оқиғасынан кейін 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевтің құран кітабын ұстап өзінің кінәсі жоқ екенін айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада ол істің ақиқаты ерте ме, кеш пе белгілі болатынына сенім білдіреді.
"Шындық ерте ме, кеш пе ортаға шығады. Құран ұстап тұрып, ант етемін. Ешқандай қастандық болған емес, мемлекет пен халыққа қарсы шыққан емеспін. Не істесем де бәрін Алла мен халық үшін істедім", – дейді Жұмагелдиев видеода.
Арман Жұмагелдиев "Дикий Арман" лақап атымен танымал.




