Қоғам
"Үсік жүреді": 12-14 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 мамыр, 2026
- 74
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті.
Қазақстанда алдағы күндері күн суытып, үсік жүреді. «Қазгидромет» 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктер елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы нөл градустан төмендеп, үсік жүруі мүмкін екенін ескертеді.
«Сондай-ақ антициклонның жылжуына байланысты 13 мамырға қараған түні оңтүстік-шығыс аймақтарда да үсік күтіледі. Әсіресе бағбаншылар мен диқандарға сақтық шараларын алдын ала қолға алу керек»,– деп хабарлады «Қазгидромет».
Кей өңірлерде күндіз ауа райы салыстырмалы түрде жылы болғанымен, түнгі температураның күрт төмендеуі ауыл шаруашылығы дақылдарына әсер етуі ықтимал.




