Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында ағайынды екі жігіт тұрғын үйде синтетикалық есірткі өндірген

Түркістан облысында ағайынды екі жігіт тұрғын үйде синтетикалық есірткі өндірген
Сурет: видеодан скриншот
Ағайынды екеу есірткі өндіру бойынша ұсталды.

Түркістан облысының Арыс қаласында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жарты тоннаға жуық мефедрон өндірілген есірткі зертханасын анықтады. Күдікті ретінде екі ағайынды азамат ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, оқиға орнын тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді.

«Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ ескертеді: есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар