Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атыраудағы отбасының жоғалуы: қайын жұртын өлтірді деген күйеубаланың ісі сотқа түсті

Атыраудағы отбасының жоғалуы: қайын жұртын өлтірді деген күйеубаланың ісі сотқа түсті
Сурет: ашық дереккөздерден
Қылмыстық іс судьяның қарауына 8 мамыр күні берілген.

Бір отбасының мүшелерін өлтірді деген күдікпен тергеліп жатқан атыраулық Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина жүргізеді.

Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты істің нақты қай баптар бойынша қаралатыны әзірге ашық жарияланбаған.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс судьяның қарауына 8 мамыр күні берілген.

Айта кетсек, судья Зарема Хамидуллина бұған дейін қоғамда үлкен резонанс тудырған Яна Легкодимова ісін қарап, айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар