Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық жігіт өзін балалар жобасының продюсері зорлағанын айтты: полиция тексеруді бастады

Қазақстандық жігіт өзін балалар жобасының продюсері зорлағанын айтты: полиция тексеруді бастады
Сурет: видеодан скриншот
Нұрғали Нұғман есімді жігіт бала кезінде туысы өзін зорлағанын айтты.

Қазақстандық жігіт бала кезінде туысы, телепродюсер тарапынан зорлық-зомбылық көргенін айтып, видео мәлімдеме жасаған болатын. Ішкі істер министрлігі тергеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Нұрғали Нұғман есімді жігіт бала кезінде туысы өзін зорлағанын айтты. Сөзінше, оның сериалдарға түсуіне көмектескен.

"Бала кезімде туысым, ағам зорлық жасады. Ол продюсер болатын. Ол кезде мен қазақстандық телесериалдарға түскім келетін. Ағамның көмегімен кастингтерден өтіп, көпшілік көрініске түсіп жүрдім. Уақыт өте келе ол маған сериалдарда басты және қосалқы рөлдерді алуға көмектесті. Мені теледидардан көрсете бастады", – деп еске алады актер.

Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кейінірек Нұғман  телеарна атауын шатастырып алғанын айтты. Ол ұжымнан кешірім сұрап, ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар