Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстауда мұнай компаниясына 474 млн теңге айыппұл салынды

Маңғыстауда мұнай компаниясына 474 млн теңге айыппұл салынды
Сурет: catalogmineralov.ru
Экологиялық заң бұзған Buzachi Operating Ltd компаниясының филиалына 474 млн теңге айыппұл салынды.

Маңғыстау облысында мұнай компаниясына 474 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың өрескел бұзушылықтарын анықтады.

Тексеру барысында Buzachi Operating Ltd компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстары кезінде қауіпті қалдықтарды жинақтаудың белгіленген лимитінен асып кеткен. Атап айтқанда, бұрғылау қалдықтарының көлемі белгіленген мөлшерден 513,2 тоннаға артық болған.

"Прокуратура актісі бойынша аталған компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 474 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар