Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңа туған сәбиін сатпақ болған 19 жастағы әйел сотталды

Жаңа туған сәбиін сатпақ болған 19 жастағы әйел сотталды
Сурет: pixabay.com
Баланы ерлі-зайыпты сатып алмақ болған.

Астанада 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін ерлі-зайыптыға сатпақ болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астана қаласының прокуратурасы жаңа туған нәрестені заңсыз беру ісі бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

Жас ана делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында жалған суррогат ана болу туралы шарт жасасқаны анықталды. Баланы ерлі-зайыпты сатып алмақ болған.

 «Сот үкімімен қыз және делдалдар Қылмыстық кодекстің 135-бабы «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушылар шартты түрде 8 жылға бас бостандығынан айырылды», - дейді прокуратурадағылар.

Бала кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Анасы ата-ана құқынан айырылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар