Ақтөбе облысында 1-сынып оқушысы мектепте бензин ішіп қойған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:57
- 26
Ақтөбе облысында бірінші сынып оқушысы үлкен үзіліс кезінде бензиннен уланып қалды – білім басқармасы бұл фактіні растады, депхабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылым хабарлауынша, бала мектептің жертөлесіне түсіп, онда тұрған ішінде белгісіз сұйықтығы бар ыдысты тауып алып, оны ішіп қойған.
Мұғалім баладан бензин иісі шығып тұрғанына назар аударып, сұраған кезде бала бәрін айтып берген.
Мәлімет бойынша, бала сабақ біткенше мектепте отырған, ал үйіне келгеннен кейін жағдайы нашарлап, құса бастаған.
Анасы ұлын ауруханаға апарған, онда баланың асқазанын жуып, содан кейін облыстық балалар клиникалық ауруханасына жолдады.
Қазіргі уақытта бала емдеу курсынан өтіп, ауруханадан шықты.
Білім басқармасы 7 жасар баланың бензин иісі бар сұйықтықты абайсызда жұтып қойып, шынымен де ауруханаға түскенін растады.


