Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев Алатау қаласының дамуына отандық бизнес өкілдеріне Дубай мен Сингапурдың инвестициялық моделін қолдануды ұсынды

Тоқаев Алатау қаласының дамуына отандық бизнес өкілдеріне Дубай мен Сингапурдың инвестициялық моделін қолдануды ұсынды
Сурет: 24.kz
Тоқаев үкіметке Алатау қаласының негізгі инфрақұрылымын дамытуға бастапқы кезеңде тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласының дамуына отандық бизнес өкілдері де толыққанды қатысуы тиіс екенін айтып, оған Дубай мен Сингапурдың инвестициялық моделін қолдануды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте президент қазіргі таңда жалпы инвестиция көлемі шамамен 2 триллион теңгені құрайтынын алға тартты. Сонымен қатар 50 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 50-ден астам инвестициялық жоба іріктелген. 

Президент қала дамуына отандық кәсіпкерлер де белсенді қатысуы керек екенін атап өтті.

"Бұл өте маңызды. Мысалы, Шэньчжэнь қаласының тәжірибесі көрсеткендей, алғашқы он жылда оның дамуына салынған инвестициялардың басым бөлігі шетелдік емес, ішкі инвестициялар болған. Шэньчжэнь, Хайнань, Дубай және Сингапур жағдайында мемлекет ең алдымен негізгі инфрақұрылымға қаржы құйған. Осылайша бизнес үшін тәуекел азайып, тұрақты инвестициялық цикл қалыптасқан", – деді президент.

Тоқаев үкіметке Алатау қаласының негізгі инфрақұрылымын дамытуға бастапқы кезеңде тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

"Бастапқы инфрақұрылымды салу шығындарын жеке секторға жүктеу жобалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Тарифтері жоғары монополиялық құрылымдардың пайда болуына әкеледі және түптеп келгенде дамуды тежейді. Сондықтан үкімет қаланың базалық инфрақұрылымын дамытуға тұрақты қаржы бөлуді қамтамасыз етуі керек. Басқа жол жоқ", – деді мемлекет басшысы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар