Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелге сот үкім шығарды: бірақ жазасын кейін өтейді

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелге сот үкім шығарды: бірақ жазасын кейін өтейді
Сурет: видеодан скриншот
Жүргізуші куәлігі жоқ әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді.

Көкшетауда көлікпен жаяу жүргіншіні басып кеткен әйел  2,5 жылға сотталды. Оның жүргізуші куәлігі болмаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әйелдің екі кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты сот оның жазасын өтеуді үш жылға кейінге шегерді.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, күйеуінің денсаулығы сыр бергендіктен және оның рұқсатымен рөлге отырған.

Сот әйелдің бұрын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, жасаған ісіне өкінгенін және моральдық шығынды өтегенін ескерді.

Сондай-ақ марқұмның туыстары оны бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Айта кетсек, жол апаты мамыр айында болған. Әйел көлікпен аулаға бұрылып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар