Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтардың 300 миллион теңгеге жуық айыппұлы кешірілуі мүмкін

Қазақстандықтардың 300 миллион теңгеге жуық айыппұлы кешірілуі мүмкін
Сурет: atpress.kz
Кейбір қазақстандықтардың айыппұлы кешіріледі.

Мемлекеттік кірістер комитеті  әкімшілік рақымшылық аясында қазақстандықтардың 300 миллион теңгеге жуық айыппұлы кешірілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Комитет өкілдері әкімшілік рақымшылық Қазақстан азаматтарын, жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттар мен заң кеңесшілерін әкімшілік айыппұлдардан босатуды қарастыратынын айтты.

Рақымшылық шарасы заңды және лауазымды тұлғаларға, қандастарға, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. Сондай-ақ, сот тағайындаған әкімшілік жазаларға, азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқықбұзушылықтарға қатысты жүрмейді.

Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын істер бойынша рақымшылық келесі әкімшілік құқықбұзушылықтарды қамтымайды:

  • ӘҚБтК-нің 275-бабы - салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру;
  • ӘҚБтК-нің 277-бабы - салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтару;
  • ӘҚБтК-нің 278-бабы - салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын төмендету.

"Аталған құқық бұзушылықтар құрамын рақымшылық жасаудан алып тастау олардың салық салу объектілерін жасырумен және салықтық міндеттемелерді орындаудан жалтарумен байланысты болуына, сондай-ақ мемлекеттің экономикасына елеулі залал келтіруіне негізделген", - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар