Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Президент қол қойды: Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтетін болды

Президент қол қойды: Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтетін болды
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды.

Президент қаулысында Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалғаны көрсетілген.

Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылып отыр.

Үкіметке, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінеҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдау бұйырылған.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан президенті жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жариялады. Ол бүгіннен бастап ел тарихында жаңа дәуір басталғанын атап өтті.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар