Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда алдағы үш күнде 40 градусқа дейін жететін ыстық болады

Қазақстанда алдағы үш күнде 40 градусқа дейін жететін ыстық болады
Сурет: tribunapracy.by
4, 5, 6 шілде күндері еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

4 шілдеде - елдің солтүстік-батысында, 4-5 шілдеде - оңтүстік-шығыс пен орталық аймақтарда, 5-6 шілдеде - Қазақстанның шығысында, бүкіл кезең бойы - республиканың солтүстігінде жаңбыр күтіледі.

"Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл, ал солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі", - делінген хабарламада.

Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің көптеген аймағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтіледі. 5-6 шілдеде күндіз Қазақстанның батысы мен орталығында 35-39 градусқа дейін, оңтүстік-батысында 40 градусқа дейін, ал солтүстік-батысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Шығыста бүкіл кезең бойы 35-37 градусқа дейінгі аптап сақталады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар