Желіде бірнеше жасөспірімнің ер адамдарды жабылып соққыға жыққан сәті түсірілген видео тарады. Бұған қатысты Алматы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Қаскелеңде болған. Бір топ жасөспірім мас күйде болған бірнеше ер адамды ұрып-соққан.
Кадрлардан жасөспірімдердің жерде жатқан ер адамға соққы жасағанын көруге болады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары оқиғаға қатысушыларды анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізген.
“Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың мас күйде болған ер адамға дене жарақатын салғаны анықталды. Балаларын тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция жәбірленуші ешкімге шағымданбайтынын айтып, арыз жазудан бас тартқанын хабарлады.
Ведомство ата-аналар мен заңды өкілдер балаларының тәрбиесі, жүріс-тұрысы және қауіпсіздігі үшін жеке жауапты екенін еске салды. Кәмелетке толмағандар жасаған кез келген құқыққа қайшы әрекет Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық бағасын алады.
Ұқсас жаңалықтар
Маусым айында Қазақстандағы тұрғын үй сатылымы сенімді өсім көрсетті
- авторkyn.kz
- 10 шілде, 2026
Алматыда кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2026




