Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда жедел жәрдем көлігі әйелді қағып кетті

Павлодарда жедел жәрдем көлігі әйелді қағып кетті
Сурет: видеодан скриншот
Жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті.

Павлодарда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі әйелді қағып кетті. Ол жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 7 шілде күні Академик Сәтбаев көшесінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, көлік жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде әйел жолға шыққан.

Оқиғадан кейін жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізген.

Полиция аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

"JAC көлігінің жүргізушісі Академик Сәтбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды", – делінген полиция хабарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар