Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: қылмыстық іс қайта жанданды

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: қылмыстық іс қайта жанданды
Сурет: ашық дереккөздерден
Алматы прокуратурасы Әл-Фараби даңғылынжағы жол апатына қатысты істі қосымша тергеуге қайтарғанын хабарлады.

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апаты 21 наурызға қараған түні болған еді. Қайғылы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары бірнеше қылмыстық іс қозғады. Соның бірі "әдемі" мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беруге қатысты. Бұған дейін тергеу тоқтатылғаны хабарланған болатын. Алайда прокуратура істі қайта жандандырғаны анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

26 наурызда әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасынан бірнеше күн өткен соң, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ведомствоның өзіндік қауіпсіздік департаменті мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру мүмкіндігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша жүргізілді.

Алайда 3 маусымда қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты" іс тоқтатылды. Сол кезде ІІМ кім күдікті болғанын нақтыламаған еді.

Алматы прокуратурасы іс материалдарын зерделеп, істі қосымша тергеуге қайтарғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс материалдарын зерделеу нәтижесі бойынша қала прокуратурасы оны қосымша тергеуге қайтарды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады қадағалау органы.

Дереккөз мәліметінше, билікті асыра пайдалану туралы істе әлі күнге дейін күдікті жоқ.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар