Қоғам
Әділетхан Молдахан екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:10
- 28
Блогерге қатыс сот ісі аяқталды.
Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты видеосы үшін істі болған заңгер Әділетхан Молдахан екі жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әділетхан Молдахан Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігі “Көрінеу жалған ақпарат таратты “деген айыппен 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған 5 жылға әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салынды.
Еске салсақ, 2026 жылдың 31 наурызында әлеуметтік желіде миллиондаған оқырманы бар блогер әрі заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынған еді. Оған Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты түсірген видеосы арқылы жалған ақпаратты таратты деген айып тағылған.



