Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысындағы төрт адамның өлімі: сот Сәрсемәлиевтің бес баласына қатысты жеке қаулы шығарды

Атырау облысындағы төрт адамның өлімі: сот Сәрсемәлиевтің бес баласына қатысты жеке қаулы шығарды
Сурет: ашық дереккөздерден
Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемалиевтің бес қаласына қатысты мәлім болды.

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында төрт адамның өліміне қатысты іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырына қатысты сот жеке қаулы шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.

Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырына қатысты сот жеке қаулы шығарды.

Үкімді жариялаған судья Зарема Хамидуллинаның айтуынша, балалардың бұдан кейінгі қамқорлығы мен орналастырылуы Атырау облысының білім басқармасына жүктелді.

Бұдан бөлек, сот Қызылқоға ауданының әкімдігіне Жангелдин ауылында қаза тапқан отбасының артында қалған тұрғын үйге мұрагерлік құқықты рәсімдеуді тапсырды. Бұл шешім балалардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған.

Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласы бар. Олардың кенжесі 2025 жылы дүниеге келген. Әкесі ұсталғаннан кейін балалар біраз уақыт әжесінің қарауында болған. Алайда 2026 жылғы 3 ақпанда аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия оларды мемлекет қамқорлығына беру туралы шешім қабылдаған. Қазір үш пен тоғыз жас аралығындағы төрт бала Атыраудағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр. Ал ең кенже сәби мамандандырылған сәбилер үйіне орналастырылған.

2025 жылдың соңында Атырау облысының Жангелдин ауылында тұратын бір отбасы жұмбақ жағдайда із-түзсіз жоғалып кеткен. Полицияға Мақсот Қарабалиннің, жұбайы Нәсіп  Өтешқалиеваның және олардың екі ересек баласы – Мейрамгүл мен Наурыздың жоғалғаны туралы арыз 25 желтоқсанда түскен. Кейін бұл іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп, 2026 жылғы 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті шаруашылық қорасынан табылды. Тергеу барысында олардың екі ересек баласының да қаза тапқаны анықталды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар