Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шетелдіктерге Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынды: Тоқаев заңға қол қойды

Шетелдіктерге Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынды: Тоқаев заңға қол қойды
Сурет: GLOBAL LOOK PRESS
Енді шетелдіктер Қазақстаннан суррогат ана жалдай алмайды.

Қазақстанда шетел азаматтарына қазақстандық суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды. Енді бұл қызметті ресми некеде тұрған Қазақстан азаматтары ғана пайдалана алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өзгерістер «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізілді. Құжатта суррогат ана қызметіне тапсырыс берушілерге қатысты нақты талап көрсетілген.

«Суррогат ана қызметінің тапсырыс берушілері тек некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады», - делінген құжатта.

Тапсырыс берушілер суррогат ананың медициналық тексеруден өту шығындарын, қосалқы репродуктивтік технологияларды қолдануға байланысты шығындарды, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі медициналық бақылау ақысын төлеуге тиіс.

Сонымен қатар ерлі-зайыптылар өздерінің дене және психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынуы қажет.

Кодекске енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар