Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өнер жолымдағы анам»: Ерке Есмахан Баян Мақсатқызының үйіне қонаққа барды

«Өнер жолымдағы анам»: Ерке Есмахан Баян Мақсатқызының үйіне қонаққа барды
Сурет: liter.kz
Ерке Есмахан Баян Мақсатқызына алғысын білдірді.

Сахнаға қайта бет бұрған әнші Ерке Есмахан ұстазы Баян Мақсатқызына жүрекжарды жазба арнады. Ол продюсердің үйіне қонаққа барып, өз естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ерке Есмахан Баян Мақсатқызын өнердегі анасы атады.

“Өнер жолымдағы анам десем, артық айтқаным емес. Ең алғаш кездескен күнім әлі есімде. Сонау жылдары Баян Мақсатқызы мені қабылдап, қанатының астына алды. “Сен жеке әнші болуың керек” деп, арманымды түсінді. Маған сенді. Ақылым да, бағыт берушім де болды”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Баян Мақсатқызы сахнада жүрген талай арудың жолын қалыптастырған продюсер екенін атап өтті.

“Баян Мақсатқызы – менің ғана емес, бүгінгі қазақ сахнасында жарқырап жүрген талай қыздың бағын ашқан, талай таланттың жолын қалыптастырған үлкен продюсер”, – деді ол.

Баян Мақсатқызы да Ерке Есмаханға ақ тілегін арнап, алғаш танысқан сәтін еске алды.

“Көп жыл бұрын кастингіме аппақ, нәзік, жанарында аңғалдық бар бір қыз келді. Ол маған қарап, ғажайыпқа сенді. Мен де бұл қыздың бір күні нағыз ғажайыпқа айналатынына сендім. Арада талай жыл өтті. Бүгінде ол мықты, өте талантты, сүйікті әрі танымал әншіге айналды. Бүгінде ол – үш баланың бақытты анасы, мен құрметтейтін талантты азаматтың жары. Кезінде кішкентай әрі аңғал болған қыздың әрбір жеңісі мен жетістігіне шын жүректен қуанамын. Қазір Ерке Есмахан – үлкен өнер иесі, нағыз кәсіби маман. Бәрінің дәл осылай болғанына қуаныштымын”, – деді продюсер.

Продюсер әншіге шығармашылық жолының ұзақ әрі табысты болуын тіледі.

“Ерке, саған ұзақ, бақытты әрі табысты жол тілеймін. Өз қанатыңмен еркін самғай бер. Сен біздің аққуымызсың. Сахнаға шыққан сайын саған сүйсіне қараймын. Өйткені сенде ешкім қайталай алмайтын ерекше сұлулық, нәзіктік пен тартымдылық бар”, – деп ақ тілегін білдірді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар