Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

МӘМС қорынан 3,5 млрд теңге жымқырылған: 36 қылмыстық іс тергелуде

МӘМС қорынан 3,5 млрд теңге жымқырылған: 36 қылмыстық іс тергелуде
mdpress.ru
Қаржылық мониторинг агенттігі 140 мыңға жуық азаматты медициналық ұйымдарға жалған тіркеп, көрсетілмеген қызметтерді рәсімдеу арқылы МӘМС қорынан заңсыз қаржы алу схемаларын анықтады.

Қазір осы фактілер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала есепке сәйкес, мемлекетке келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады.

Түркістан облысында Жетісай аудандық ауруханасының лауазымды тұлғалары МӘМС қаражатын жалған кәсіпкерлердің есепшоттарына аударды деген күдікке ілінді. Шығын – 501 млн теңгеден астам, екі күдікті қамауға алынды.

Астанада Forte Clinic басшысы 15 мыңнан астам азаматты заңсыз тіркеп, 79 млн теңгенің жалған медициналық қызметін рәсімдегені үшін 5 жылға сотталды. Оның сыбайласы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы облысында Mydental.kz және «Стоматология Dr. Nurzhanova» клиникаларының басшысы 4,5 мыңнан астам жалған стоматологиялық қызмет көрсетіп, мемлекетке 66 млн теңге шығын келтіргені үшін 4 жылға сотталды. Оның мүлкі тәркіленді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар