Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Блогер Қайсар Хамза жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Блогер Қайсар Хамза жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген блогер Қайсар Хамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының мәліметінше, экстрадициялау Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан.

Бас прокуратураның мәліметінше, биыл маусым айында ол Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Вьетнам аумағында ұсталып, кейін Қазақстан тарапының ресми өтініші негізінде елге экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, бұған дейін оның заңсыз казиноны насихаттау арқылы ірі көлемде табыс тапқаны туралы ақпарат тараған. Ведомствоның мәліметінше, интернет-казиноны жарнамалағаны үшін күдіктінің криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскен.

Тергеу барысында қылмыстық топтың 2021 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан аумағында бірнеше заңсыз онлайн-казино ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы 106 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденгені анықталған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар