Қоғам
Семейлік әйел TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл арқалады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 19:26
- 12
TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтқан Семей тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол қоғамдық тәртіпке қайшы әрекет жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Абай облысы полициясының мәліметінше, тексеру барысында құқық бұзушының 53 жастағы Семей қаласының тұрғыны Жанат Әбеуова екені анықталған. Соттың шешімімен әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл арқалады.
Ведомство мұндай заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу жұмысы алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.


