Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Колумбияда болған жер сілкінісінен 100-ден аса адам қаза тапты

Колумбияда болған жер сілкінісінен 100-ден аса адам қаза тапты
Сурет: esp.md/ru
Колумбияда магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі болып, қаза тапқандар саны 132-ге жетті. Жарақат алғандар саны 570 адам, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Колумбия геологиялық қызметінің мәліметінше, қуатты жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:34-те болған. Жер сілкінісінің ошағы елдің батысындағы Чоко департаментіндегі Сан-Хосе-дель-Пальмар муниципалитеті маңында орналасқан.

Төтенше жағдайлар қызметі үйінді астында қалғандарды тезірек құтқаруға тырысуда. Қираған нысандардың арасында Кали қаласындағы аурухананың педиатрия және неонатология бөлімшелері де бар.

Колумбия билігінің хабарлауынша, бұл елде соңғы он жылда тіркелген ең қатты жер сілкінісі болды. Табиғи апат салдарынан 1 575 тұрғын үй бүлініп, 37 ғимарат толық қираған. Сонымен қатар 18 медициналық мекеме, 52 білім беру ұйымы, 18 жол, жеті әуежай және басқа да инфрақұрылым нысандары зардап шекті.

Ел үкіметі ұлттық деңгейде төтенше жағдай жариялап, зардап шеккен аймаққа әскери қызметкерлерді аттандырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар