Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін молаға апарып, ұрып-соққан
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:35
- 43
Оқиға туралы жәбірленуші әйел құрбысына айтқан. Ол Threads әлеуметтік желісіне оқиғаны баяндап, елден көмек сұраған.
“Кеше түнде болған жағдай, бүгін перзентханаға 36 апта 5 күн болғанда толғатып түстім. Күйеуім маған күш көрсетіп, мені молаға апарып, пышақ тақап қорқытты. Жол бойы басымнан ұрды. “Неге мені тыңдамай далаға шығасың, дәл қазір телефоныңды тексертесің не болмаса сені осы жерде өлтіріп, байлап кетемін” деді. Қолында шынжыры тұрды. Жағымнан, бетімнен аямай ұрды, қылқындырды. Қолымда, иығымда көгерге іздер бар. Содан суым кетіп, толғаттым. Ол оған мән бермей моланың басында бір сағаттан аса ұстады. Барынша шыңғырып, жыладым. Көмекке келетін адам болмады. Мен жылаған сайын қатты ұрды”, – делінген хабарламада.
Бірақ кейіннен жәбірленуші әйелдің сұрауымен құрбысы жазбаны өшіріп тастаған.
“Құрметті әйелдер қауымы! Сауатты болыңыздаршы, бәрінен де құқықтық сауатты болу маңызды. Қазір елде заң өзгерді. Таяқ жеп, қор болып жүргендерге үкімет қорған болады қазір. Қаншама дағдарыс орталықтары, қолдау орталықтары бар. Көмектеседі, су тегін. Жаңа өмір бастауға, өз құқығыңды қорғауға мүмкіндік бар. Кешірім беріп, өлімді күтіп жүре бересіңдер ме? Бұл жерде мәселе постты өшіре салумен аяқталмауы керек. Ең бастысы — жәбірленушінің қауіпсіздігі мен өмірі қамтамасыз етілуі тиіс. Сол себепті бұл істі Жамбыл облысының полициясы, ҚР Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратура өз бақылауына алуын сұраймын”, – деп жазба жариялады Ләззат Рақышева.



