Павлодарда әйел жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:18
- 33
2026 жылғы 28 наурызда әйел Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында дені сау қыз баланы дүниеге әкелген. Сөйтіп сәбиін сатпақ болған. Алайда ол жоспары іске аспады.
Қалалық прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізді. Қызметкерлердің бақылауымен операцияға қатысқан сатып алушы сатушыға ақша берген. Ақшаны беру фактісін растау үшін банкноттардың сериялық нөмірлері алдын ала тіркелді.
"2026 жылғы 31 наурызда Павлодардағы пәтерлердің бірінде сотталған әйел жаңа туған нәрестені оған қатысты медициналық құжаттарымен бірге сатып алушыға тапсырып, 100 000 теңге көлемінде сыйақы алды", - деп хабарлады прокуратура.
Іс материалдарын зерделей келе, сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды саудаға салу" бойынша кінәлі деп таныды. Оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Дегенмен, ҚР ҚК 74-бабының негізінде тағайындалған жазаның орындалуы 5 жылға кейінге қалдырылды.



