Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек - Тоқаев

Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек - Тоқаев
Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын оқу материалдарын қайта қарау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жақында Үкімет жұртшылыққа нәтижелі жұмыстың қорытындысын жариялағанына тоқталды. Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам өрескел қате табылған. Президенттің сөзінше, мұның бәрі орта білімнің сапасына нұқсан келтіреді.

"Әлгінде ғана тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын, балаларға жалған "қаһармандар" мен олардың "ерлігі" жөнінде әңгімелейтін аңыздар енген оқу материалдарын қайта қарау қажет екенін айттым. Жалған, ойдан құрастырылған мәліметтер тарату арқылы балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу жақсылыққа апармайды. Бұл халқымыздың ар-ұжданына қайшы.

Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек. Бұл жөнінде үнемі айтып келемін. Біздің кейбір қаламгерлеріміз "мұң" деген сөзді жақсы көреді: "жүрегімде мұң, көзімде мұң"! Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды. Жастарымыз өз халқының тарихын дұрыс түсіне отырып, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауға тиіс.

Бұл ретте Тоқаев еліміздің жастары оптимист болып, еңсере алмайтын қиындық жоқ екенін білуі қажет екенін атап өтті.

"Біз өз күш-қуатымызға сенетін, мықты ұлтқа айналуымыз керек. Мұң, қайғы, күйзеліс – жастарымызға жат нәрсе болуға тиіс", - деді Президент.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар