Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар жанармай сапасына шағымданып жатыр: Павлодар мұнай-химия зауытындағы тексеріс

Қазақстандықтар жанармай сапасына шағымданып жатыр: Павлодар мұнай-химия зауытындағы тексеріс
Сурет: mtrk.kz
Павлодар мұнай-химия зауыты автокөлік бензинінің арбитраж сынамаларына жүргізілген сынақ нәтижесін алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сынақ 25 тамызда тәуелсіз зертханада өткізілді. Талдау қорытындысы бойынша бензин үлгілері 32513 мемлекеттік стандарты талаптарына және Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігін растады.

Компания бұл жерде зауыттан жөнелтілген бензин партиялары туралы сөз болып отырғанын атап өтті.

Арбитраж сынама мұнай өнімдерінің әрбір партиясынан алынады. Ол зауыт аумағындағы SGS тәуелсіз зертханасында талданып, үлгіге мөр басылады және 45 тәулік бойы сақталады.

Мұндай сынама мұнай өнімінің сапасына қатысты дау туындаған жағдайда пайдаланылады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар