Оның ішінде 7,3 млн адам жалдамалы жұмыс істесе, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында.
Жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі сауда саласына тиесілі – 16,8%. Одан кейін білім беру – 13,3%, өнеркәсіп – 12,4%, ауыл шаруашылығы – 10,5%, көлік және қоймалау – 7,1%, құрылыс – 6,8%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,6% салалары орналасқан.
2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда бірқатар салаларда жұмыспен қамтылғандар саны артты. Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында тіркелді – 37 мың адам. Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 31,1 мың адамға, денсаулық сақтау саласында 21,2 мың адамға өсті.
Сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 15,1 мың адамға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 7,7 мың адамға, қаржы және сақтандыру қызметінде 7,4 мың адамға артты.


