Ұлдана Мырзуанның өлімі: сотта ғимараттығ бұрынғы басқарушысы сөйледі
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 18:14
- 35
Ақшалованың сөзінше, үй бағдарлама аясында тексерілгенімен, тексеру нәтижесінде ғимараттың жағдайы күрделі деп бағаланбаған.
«Үйді бағдарлама бойынша тексерген кезде жағдайы жақсы деп бағаланды. Ақау көрсеткіші 31 пайыз болды. Осыған байланысты үйдің жағдайы күрделі емес, салыстырмалы түрде жаңа деген негізбен жөнделмеді», – деді Гүлсім Ақшалова.
Кейін үй тұрғындардың жинаған қаражаты есебінен жөнделген. Куәгер 2017 жылы үйді басқарудан кететінін тұрғындарға алдын ала ескерткен.
«2019 жылы келесі басқарушыға барлық құжатты тапсырдым. Ол кезде көзге көрінетін қандай да бір елеулі дүниелер болған жоқ. Ал 2016 жылға дейін үйді басқарған адамдар бізге өздерінде болған құжаттарды тапсырмаған еді», – деді куәгер.
Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үйдің қасбеті кондиционермен бірге опырылып түскен. Салдарынан бес адам зардап шегіп, жедел жәрдем фелдшері Ұлдана Мырзуан қаза тапқан.


