Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

COVID-19 вирусы қайта өршіп бара ма?: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

COVID-19 вирусы қайта өршіп бара ма?: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады
Сурет: adonis.com.ua
Қазақстандықтар әлемуеттік желіде тұмауға ұқсас вирустың өршіп жатқанын жазған. Осыған қатысты Денсаулық сақтау министрлігі елдегі азаматтардың жағдайына қатысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметінің жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта белгісіз вирус анықталмаған.

«Қазіргі уақытта бұрын белгісіз болған жаңа вирустар анықталған жоқ. Сонымен қатар тек белгілеріне қарап, нақты қай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес. Сондықтан ауру белгілері байқалған жағдайда өз бетінше ем қабылдамай, медициналық ұйымға барып, дәрігердің тексеруінен өтіп, маманның тиісті ұсынымдарын алған жөн. Алдын алу мақсатында бөлмелерді тұрақты түрде желдетіп, қол гигиенасын сақтау, ауру белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу ұсынылады. Қажет болған жағдайда адам көп жиналатын орындарда бетперде таққан жөн. Сондай-ақ ЖРВИ белгілері пайда болған кезде мүмкіндігінше үйде қалған дұрыс», – делінген хабарламада.

Дәрігерлер дене қызуы жоғарылап, қатты әлсіздік байқалса, тыныс алу қиындаса немесе жалпы жағдайы нашарласа, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет екенін ескертті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар