Қоғам
Жетісу облысында пойыз машинисі далада жалғыз жүрген 4 жасар баланы құтқарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:29
- 1
Жетісу облысында теміржол маңында жалғыз жүрген төрт жасар баланы жүк пойызының машинисі құтқарып қалды , деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 20 қыркүйекте Сарыөзек – Үштөбе теміржол учаскесінде болған.
ҚТЖ мәліметінше, кішкентай бала иен далада жалғыз өзі Айнабұлақ станциясына қарай кетіп бара жатқан. Осы сәтте оны теміржол маңынан байқап қалған.
Машинист бірден тежегішті басып, құрамды тоқтатқан. Кейін баланы локомотив кабинасына отырғызып, хабарлаған.
Айнабұлақ станциясына жеткен соң төрт жасар бала кезекші қызметкерге тапсырылып, оның ата-анасымен байланысқа шыққан.


