Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде ер адам мектеп оқушысымен интимдік қатынасқа түсті деген күдікпен ұсталды

Ақтөбеде ер адам мектеп оқушысымен интимдік қатынасқа түсті деген күдікпен ұсталды
Сурет: istockphoto.com/
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген ер адамға қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.

Ақтөбеде ер адам жоғары сынып оқушысымен интимдік қатынаста болды деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар әлеуметтік желі арқылы танысқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, хат алмасу кезінде ер адам өзінің шын жасын жасырып, өзін жасырақ етіп таныстырған. Кейін олардың қарым-қатынасы жеке кездесулерге ұласқан деген болжам бар.

Осыдан кейін жасөспірімге медициналық көмек қажет болған. Қолда бар ақпаратқа қарағанда оның бойынан ауыр инфекция анықталып, мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылған.

Полиция бұл дерек бойынша Ақтөбе полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растады.

“Бұл дерек бойынша қазіргі уақытта Ақтөбе полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Барлық қажетті тергеу әрекеті аяқталғаннан кейін процестік шешім қабылданады”, – деп хабарлады ведомство.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның өзге де мән-жайларын жарияламады

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар