Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жалпыұлттық аза тұту күні

Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді

Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді
Сурет: gov.kz
Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі туған жері Түркістанға жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сәйкес, әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйекте жеткізілді.

"Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Түркістан әуежайына жеткізілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Түркістанда марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар