Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жалпыұлттық аза тұту күні

Үндістанда қазақстандық бапкер велоспортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Үндістанда қазақстандық бапкер велоспортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: Canva
Үндістанның Пенджаб штатындағы Патиала қаласында Қазақстаннан барған бапкер 16 жастағы велоспортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Hindustan Times-ға сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте Патиаладағы Ұлттық спорт институтының аумағында болған.

Қыз полицияға 18 қыркүйекте жүгінген. Бірақ сол уақытта күдікті бапкер институт аумағынан кетіп қалған. Тергеу барысында оның кейін Делидегі басқа спорттық лагерьде болғаны анықталған.

Патиала полициясының өкілдері күдіктіні ұстау үшін арнайы топтар құрылғанын мәлімдеді.

Полиция өкілінің айтуынша, күдіктінің төлқұжаты тәркіленіп, елден шығуына жол бермеу үшін арнайы іздестіру ескертуі жарияланған.

“Арнайы топтар оның болуы мүмкін жерлерді тексеріп жатыр. Делиге де қызметкерлер жіберілді, бірақ ол жерден табылмады. Оның төлқұжаты тәркіленді. Күдіктіні мүмкіндігінше тез арада ұстау үшін барлық шара қабылданып жатыр”, – деді Патиала полициясының өкілі Мохит Агарвал.

Кәмелетке толмаған қыз медициналық тексеруден өткен.

Полиция дерегі бойынша, қазақстандық бапкер Патиалаға бірнеше ай бұрын келген және осы уақытқа дейін Ұлттық спорт институтының қызметкерлерге арналған жатақханасында тұрған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар