Қоғам
Теміртауда 20 жастағы жігіт өзінің ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 14:23
- 45
Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінде 49 жастағы әйел адам мен 52 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Оқиға 7 қазан күні болған. Қарағанды облысының Полиция департаментінің мәліметінше, “Адам өлтіру” фактісі бойынша іс қозғалды.
“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының Полиция департаменті.



