Қоғам
Өзбекстанда жанкүйерлер MrBeast-тің көлігін қоршап, жолын бөгеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:46
- 25
Америкалық блогер MrBeast-тің Самарқандқа келуі кезінде жанкүйерлер арасында кептеліс болып, жұрт бірін-бірі итермелеген.
Қоршаудан өтіп кеткен жанкүйерлер блогер мен оның жұбайын жан-жақтан қаумалап алған.
MrBeast кездесу өткен жерден кетуге тырысқанда, жиналғандар оған жол бермеген. Кейбір балалар жерге құлап, қалың жұрттың аяғының астында қала жаздаған. Абырой болғанда, ауыр жарақат алғандар болмаған.
Блогер көлігіне әрең жетіп, кездесу орнынан кетіп үлгерген. Алайда жанкүйерлер мұнымен де тоқтамаған: жұрт оның соңынан әуежайға дейін қуып барған, ал кейбірі самокатпен ілескен.


