Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауына жеті партия қатысады

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауына жеті партия қатысады
Сурет: vechastana.kz
Қазақстанда өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына жеті саяси партия қатысады. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сайлауға «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Байтақ», Қазақстан халық партиясы және Respublica қатысады.

Ал Amanat партиясы сайлауға қатыспайтынын ресми хат арқылы Орталық сайлау комиссиясына жеткізген. Бұған дейін партияның жаңа «Әділет» партиясымен біріктірілгені хабарланған еді.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова кандидаттарды ұсыну партиялық тізімдер және бірмандатты сайлау округтері арқылы жүргізілетінін мәлімдеді. Үміткерлерді саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Сонымен қатар азаматтарға өз кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі берілген.

Мәслихат депутаттығына жасы 20-ға толған, заңнамада белгіленген талаптарға сай келетін Қазақстан азаматтары үміткер бола алады. Алайда бір азамат бір мезгілде тек бір мәслихаттың депутаты болуға құқылы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар