Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстаудағы бес жерасты мешіті

Маңғыстаудағы бес жерасты мешіті
Маңғыстаудағы бес жерасты мешіті ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енді.

Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан епе мешіттері XII және XVIII ғасырлар аралығында қалыптасқан рухани мұраның бір бөлігі саналады. 

Жартастарды қашап салынған бұл орындарда ертеден құлшылық жасалып, жолаушылар аялдаған, ал бүгінде оларға елімізден және шетелден зияратшылар келеді. Қасиетті мекендер сопылық дәстүрмен, Қожа Ахмет Ясауи ілімімен және әулиелер туралы ел аузындағы аңыздармен тығыз байланысты. Euronews телеарнасының «Modern Nomads» бағдарламасы осы бес мешіттің тарихын, жергілікті халықтың сенімін және оларды келер ұрпаққа сақтап қалу жұмыстарын көрсетті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар